Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы бастау алды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы бастау алды

Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ресми түрде ашылу салтанаты өт-ті. Шара аясында сөз алған Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың осы айтулы оқиғаға байланысты жолдаған құттықтауын оқып берді.

«Бүгiн бүкiл ел бойынша менiң Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы бастау алады, – деп атап көрсетілген құттықтауда. – Бүкiл жылды бiз ең басты байлығымыз – тәуелсiздiк, еркiндiк, бiрлiк, бейбiтшiлiк пен келiсiмге арнаймыз. 20 жыл бұрын 1995 жылы 1 наурызда мен Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл бiрегей институт бiздiң қоғамда бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтауды көздейдi. Осы уақытта Ассамблея жалпыхалықтық, жалпыазаматтық, саясатүстi органға айналып, конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгiнде Қазақстан халқы
Ассамблеясы жалпыхалықтық өкiлдiктiң институты, азаматтық қоғамның авангарды болып отыр».
Мемлекет басшысы атап өткендей, Ассамблея жылы – бiздiң ортақ мерекемiз, барлық 17 миллион қазақстандықтың iсi. Елбасының айтуынша, әрбiр азамат бiздiң жерiмiздегi бейбiтшiлiк, келiсiм үшiн жауапкершiлiктi сезiнуi тиiс.
«Ассамблея жылы бiздiң орасан нақты iстер мен жаңа жетiстiктердiң жылы болады. Ассамблея жылы Конституциямыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы,
Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы секiлдi маңызды оқиғаларға бай. Биылғы жыл тарихи тағдыры ортақ халық бiрлiгiнiң жарқын көрiнiсiне айналуы тиіс. Қазақстан – бiр ел, бiр халық, бiр болашақ. Сондықтан,
Ассамблея жылының басты идеясы – «Менiң елiм – Мәңгiлiк ел!». Барлық қазақстандықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуымен құттықтаймын! Тәуелсiздiк, бiрлiк пен келiсiм рухы бiзге күш-қуат пен сенiмдiлiк берсiн!», – делінген одан әрі құттықтауда. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар