Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Елбасының 2010 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен Қуандық Тұрғанқұлов осы лауазымға бес жыл мерзімге тағайындалған еді.