Ұмтылған ұтады

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  Сандықтау ауданында болған БАҚ өкілдері бірқатар шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.

Ауданда 1300-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері бар болса, солардың ішінде мемлекеттің қолдауымен өз кәсібін ілгері апарған  азаматтардың бірі – Петр Будаев. Алғашқыда өз ісін шағын бөлмеден бастаған ол, қазіргі таңда үлкен бір жиһаз цехына иелік етіп отыр. Осыдан екі жыл бұрын «Жұмыспен қамту –2020» бағдарламасы бойынша берілген 2 миллион теңгеге жаңа ғимарат салып, бес адамды жұмыспен қамтыған. Мұнымен қоса, тағы екі адамды көлік дөңгелектерін ауыстырушы етіп жұмысқа алған. Қызметкерлердің ай  сайынғы еңбекақысы шамамен 45 мың теңгені құрайды.   
Ломали Умаровтың жартылай фабрикаттар шығаратын «Халал» жеке кәсіпкерлігі де өткен жылы жоғарыдағы бағдарлама бойынша 6 миллион теңге несие алған. Ашылғанына төрт жыл толған бұл цехта бас-аяғы тоғыз адам еңбек етеді. Мұнда күн сайын 150-200 келі жартылай дайын өнімдердің оннан астам түрі өндіріледі.
Қытайдан әкелінген жаңа құрылғылардың арқасында  жұмыс ширай түскен көрінеді. Еттен жасалатын өнімдер облысымыздың Зеренді, Атбасар, Есіл, Жақсы аудандары мен Көкшетау қаласына жөнелтілуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар