Жеке мәселелерімен қабылдады

Кеше  облыс әкімі Сергей Кулагин жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.

  Өңір басшысының қабылдауында Көкшетау, Степногорск қалалары мен Зеренді ауданының тұрғындары және облыс орталығының кәсіпкерлері болды. Облыс әкімімен әңгімелесу барысында олар тұрғын үй, денсаулық сақтау саласы, көлдерді тазарту, телекоммуникация және жеке сауалдары бойынша мәселелерді қозғады. Айталық, Көкшетау қаласының шағын аудандарының біріндегі үйдің тоғызыншы қабатында тұратын зейнеткер өзінің пәтерін төменгі қабатқа ауыстырып беруін сұрады.
Облыс әкімі өз кезегінде көтерілген барлық мәселелер бойынша өз орынбасарлары мен Көкшетау қаласының әкіміне қолданыстағы  заңнамаларға сәйкес тиісті шаралар қолдану үшін тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар