Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Наурызбен келген қуаныш - АРҚА АЖАРЫ

Наурызбен келген қуаныш

Облыс әкімі Сергей Кулагин Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында жаңадан салынып, пайдалануға берілген «Жансая» тұрғын үй кешенінде 20 отбасына жаңа пәтерлердің сертификатын тапсырып, қоныс тойымен құттықтады. Осылайша жақсылық жаршысы болып табылатын Наурыз мейрамы жаңа пәтерлерге қоныстанған ақмолалық тұрғындар үшін ерекше есте қалатын болды.

  Облыс әкімімен бірге, қуаныш иелерін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының департамент директоры Қанат Ыбыраев,  «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Асхат Акчурин құттықтап, жаңа пәтер сертификаттарын салтанатты жағдайда табыс етті.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол–болашаққа бастар жол» атты Жолдауында халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі нақты айтылып, тапсырма берілген болатын. Осы бағытта қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар  облыс аумағында байыптылықпен жүзеге асырылып, көптеген тұрғындар пәтерлі болып, қуанышқа кенелуде.  «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бүгінгі жаңа жалдамалы пәтерлердің баспанаға мұқтаж жандарға берілуі айқын дәлел. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз, – деді өз сөзінде облыс әкімі.
Бұл жолы тұрғын үй кезегінде тұрған 20 отбасына облыс орталығындағы «Жансая» тұрғын үй кешенінде «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» холдингі және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы пәтерлердің  сертификаттары беріліп отыр. Бағдарлама бойынша аталған тұрғын үй кешенінде жалпы аумағы 19,5 мың шаршы метр 337 пәтерді  қоныстанушыларға беру  жоспарланған.
– Менің бүгінгі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. 2007 жылдан бері пәтер кезегінде тұрдым. Отбасымда 6 адам бар. Осыған дейін ағамның үйін паналап келдім. Енді ештеңеге алаңдамай, үш бөлмелі жаңа пәтерімде отбасыммен бақытты ғұмыр кешеміз деген ойдамыз. Пәтердің бағасы шарықтап тұрған заманда Елбасының бастамасымен қолға алынған «Қолжетімді бас-пана – 2020» және «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының берері мол екеніне көзім жетті, – дейді жаңа пәтер иесі Асқар Қажыкенов.
Осы орайда, бір айта кетерлігі бүгіндері Ақмола облысында 15 579 адам үй кезегінде тұрса, оның 6 518-і Көкшетау қаласында тіркелген екен. Дәл қазірдің өзінде Көкшетау қаласында көппәтерлі бірнеше тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ел дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасында тұрғын үй құрылысы басты бағыттардың бірі болып қала беретіні анық. Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан облыс орталығында бүгінгідей жаңа көп қабатты үйлер көптеп бой көтеріп, қоныс тойын тойлайтын тұрғындар қатары көбеюде. Бұл жолы да пәтерлі болып отырған көкшетаулықтарға бізде өз тарапымыздан Ұлыстың Ұлы күнімен бірге жаңа қоныстарыңызға ырыс-береке, құт дарысын демекпіз.
Суреттерде: облыс әкімі С.В.Кулагин жаңа пәтердің сертификатын тапсыруда; баспаналы болған тұрғындар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар