Жасөспірімдеріміз Ақтөбе қаласында таэквондо ГТФ-дан өткен Қазақстан Республикасының ашық чемпионатынан оралды.
Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 850 спортшы қатысты. Көкшетаулық 10 үміткер де өздерінің баптары мен бақтарын сынады. Бірден айта кетейік, бұл көкшетаулық балғын спортшылардың дүбірлі додаға тұңғыш рет қатысуы еді. Соның өзінде де жасөспірім спортшылар тәуір нәтижеге қол жеткізді.
Әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша Тимур Башаров, Артем Волосатов, Мансұр Ғабидуллин, Әлішер Дүйсенбаев бірінші орын алса, жасөспірімдер арасында Азат Тыныс жеңіске жетті. Қалған спортшылар да екінші және үшінші орынға ие болды. Балғын спортшылардың жаттықтырушысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Темірлан Сансызбайұлының да есімін ерекше айтып өтуге болады. Алдағы уақытта жеңімпаздар таэквондодан Астана қаласында өтетін республикалық жарыста бақтарын сынамақ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.