Шынайы алғыс сезімдерін жеткізді

 

2 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматыда қала активімен, студент жастармен, Алматы көпір құрастырмалары зауытының жұмысшыларымен кездесті.

 

Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысының мыңдаған жақтастарының форумына қатысты. Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, танымал қоғам қайраткерлері және басқалары бар.  
Республика сарайына 3 мыңға тарта алматылықтар, Президенттің серіктері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, қаланың құрметті азаматтары, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, шағын және орта бизнестің өкілдері кезекті рет Н.Ә.Назарбаевқа өздерінің қолдауын білдірді.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш үкімет төрағасы Сергей Терещенко активте Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті мемлекет қайраткері екенін атап көрсетті.
Белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов Елбасы Қазақстанды әлемдік аренада ірі де салмақты халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі дәрежесіне жеткізгенін атап өтті.  
«Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Нұрсұлтан Назарбаевтың ең басты сіңірген еңбегі оның көпұлтты және көпконфесссиялы қазақстандық халықты біріктіріп, соңынан ерте білгені, оларды топтас-тырып, гүлденуге жеткізгені екенін мәлім етті.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы-ның төрағасы Серік Аханов Нұрсұлтан Назарбаевты отандық қаржы-экономикалық жүйесінің бас сәулетшісі деп атады.
«Белкамит» АҚ бас директоры Нұрсұлтан Назарбаевқа өнеркәсіпке қолдауы үшін алғысын білдірді. «Біздің Елбасымыздың өзі де өндірістік саладан шыққанының арқасында ол бізді басқалардан жақсы түсінеді және жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құрып, біздің дамуымызға көмектесіп келеді», – деп атап көрсетті
Павел Беклемишев.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында әрбір қазақстандық ұлтына немесе шыққан тегіне қарамастан, өмірде үлкен табыстарға жете алатынын атап өтті.
Белгілі және талантты дирижер Дінзухра Тілендиева Ұлт Көшбасшысына мәдениет пен өнер саласына әкелік қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар