Қоғамдық ілгері ойларға негізделген

Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов  Қостанай қаласында «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы ұжымының өкілдерімен кездесті.

  Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды.
Алдымен, ол Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының қызметі ғылыми социализм идеялары, маркстік-лениндік ілім мен прогрессивті қоғамдық ойларға негізделіп құрылғанын атап өтті.
«Біз қоғамдық дамудың біртұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизмнің ғылыми және идеологиялық негіздеріне сүйеніп қызмет атқарамыз.
Марксизм коммунистер үшін – қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді және Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттау қажет» – делінген Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Сонымен қатар, Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының тағы бір қағидаты – батыс мәдениетінің теріс ықпалы жайында мәселе көтерді.
«Руханилықтың мәнін түсіретін батыс құндылықтары мақсатты түрде астамшыл тұтынушылық сана қалыптастыруда», – деп атап өтті өз сөзінде.
Адамның психикасы мен денсаулағына тікелей қауіп төндіретін ақпараттық ықпалдар бар.
Мысалы, жай ғана компьютерлік ойыншықтардың өзі психика мен денсаулыққа кері әсерін тигізеді», – деді Сыздықов.
«Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындағын батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде, – делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.
Сондай-ақ, кездесу барысында Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы Алпысбай Әлімбаев жиналған жұртты аймақтық сайлауалды штабтың жұмысымен таныстырды.
«Біздің штаб кандидатты қолдау бо-йынша қажетті ақпараттық және үгіт жұмыстарын жүргізуде. Біздің штабта 5 сенімді тұлға бар, олар насихат материал-дарын тарату және халықпен кездесуді ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар