Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірде игі істер баршылық - АРҚА АЖАРЫ

Өңірде игі істер баршылық

«Ақмола Медиа Орталығында» өткізілген баспасөз мәслихатында Ақкөл ауданының әкімі Теміржан Едігенов журналистерге ауданның 2015 жылдың алғашқы екі айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары және алда тұрған міндеттер жөнінде жан-жақты баяндады.

  Аудан әкімі өз баяндамасын өндіріс саласынан бастады. Шешеннің айтуынша, биылғы жылдың алғашқы екі айында аудан бойынша 480 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41 пайызға артық. Жалпы, облыс бойынша ауданның үлесі 1,2 пайызды құрап отыр. Индустрияландырудың алғашқы бес жылдығында аудан бойынша құны 8 миллиард 55 миллион теңгенің 5 жобасы қолға алынып, оның төртеуі жүзеге асырылған. Осының нәтижесінде 185 жаңа жұмыс ашылып отыр. Өнеркәсіп көлемінің басым бөлігін «ҚазОрман» Компаниясы» серіктестігі құрап отыр. Аталған кәсіпорын биылғы жылдың алғашқы екі айында 26 миллион теңгенің 341 текше метр ағаш өнімін өндірген.
Ақкөлдіктер егін шаруашылығымен қатар, құс шаруашылығын дамытуға зор көңіл бөлуде. Осы мақсатта былтыр жылдық қуаты 90 миллион дана жұмыртқа шығаруға мүмкіндік беретін «Үшбұлақ» ЖШС құс фабрикасы және «Ecomilk» ЖШС сүт өңдеу зауыты іске қосылған болатын. Сүт зауыты биылғы жылдың өзінде 874 тонна сүт өнімін шығарды. Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламары да сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 9 адам арнайы курстан өтуде. Оларға бағдарламаның ауылдағы кәсіпкерлікке қолдау көрсету арқылы жаңа жұмыс орындарының ашыл-уына жағдай жасау бағыты бойынша шағын несие беру жоспарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Ақкөл қаласында бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын аудандық емхана да пайдалануға берілмекші.
–Ауданымыздың әлеуметтік-экономи-калық даму көрсеткіші жылдан-жылға жақсарып келеді. Осының арқасында бюджеттің қалтасы да қампиып келеді. Бюджетке түсімнің қосымша көздерін іздеу бойынша жұмыстар қолға алынған. Осы бағытта ғимараттарды нарықтағы бағасына дейін қайта бағалауға, жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, – деді өз сөзінде аудан әкімі.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар