Күш салатын тұстар көп

Индустриялық-инновациялық даму және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысында Бурабай және Зеренді аудандары агроөнеркәсіп кешендерінің өңдеу саласын дамыту мәселелері қаралды.

Осы орайда, мәслихат депутаты Нартай Ысқақов өз әріптестерінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өңірлік филиалы, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы өкілдерімен бірлесіп, аталған аудандардағы бірқатар ірі өндіріс орындарында болғандары жөнінде айтып өтті.
Халық қалаулысы келтірген кейбір деректерге қарағанда, бүгінгі қаралып отырған осы аудандардағы өңдеуші саланың жұмысы әлі де болса жандандыруды қажет етеді.
Мәселен, Зеренді ауданының өзінде сүт өнімдерін өңдейтін бір ғана «Milk Project» серіктестігі жұмыс істейді. Оның өзі толық қуатында емес. Кәсіпорын жылына 15,6 миллион литр сүт өңдейтін болса, 2014 жылы бар-жоғы 9 миллион литр өнім шығарған. Бұл кәсіпорынның өз қуатында жұмыс істемей отырғанын білдіреді. Ал, ет өніміне келетін болсақ, ауданда бір де бір кәсіпорын бұл бағытта жұмыс істемейтін көрінеді.  Бурабай ауданында да осындай жағдай қалыптасқан. Өңдеуші кәсіпорындардың жұмысы да көңіл көншітпейді. Осы орайда, облыстық мәслихаттың депутаттары қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру жөнінде аудан және қала басшыларына бірқатар нақты ұсыныстар жасады.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен жұмысты одан әрі ширату  жөнінде ұсыныс білдірді.  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өңірлік филиалының басшысы Еркебұлан Баяхметовтың алдына  кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында әдістемелік көмек көрсету мәселесі қойылды.

 

 

Облыстық мәслихаттың депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына арналды.

 

Облысымызда мемлекеттік қызмет көрсетудің 162 түрінің 46-сы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, ал, 58-і «Электронды үкімет» порталымен жүзеге асырылады. Өткен жылы облыстағы жергілікті билік органдарымен көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсеткіші  2 969 347-ні құраса, соның ішінде  аталмыш орталықтар арқылы осындай өтініштердің 71 827-сі тіркеліп, тұрғындарға тиісінше жауаптар берілген.
Комиссия отырысында облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Салтанат Кенжетаева сөз алып, түсетін арыздарға талдау жасады. Күн тәртібінде тұрған бір өзекті мәселе – республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың біраз бөлігінің ғимарат жалдауға кететіні. Осы күні өңірімізде жиырмадан астам халыққа қызмет көрсету орталықтары бар болса, соның 14-і жеке меншік ғимараттарды жалға алуға мәжбүр. Есептей келгенде айына шамамен 6,5 миллион теңге, ал, жылына 77 миллион теңге ғимараттарды жалдау ақысына жұмсалатын көрінеді.
Онан әрі Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекзат Бекішев пен тағы бірқатар басқарма өкілдері өз мекемелеріндегі мемлекеттік қызмет көрсету жайында хабарлама жасады. Осы салада орын алған  кемшіліктер жыл санап азайып келе жатқандығы да айтылды.  Барлық қатысушыларды тыңдай келе, комиссия төрағасы Серік Аяғанов күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жергілікті жерлерде тиісті шаралардың қолға алынатындығын жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар