Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Етікшілік те кәсіп - АРҚА АЖАРЫ

Етікшілік те кәсіп

Степной селосының тұрғыны Солтан Мейремхан ұлттық үлгідегі аяқ киім тігу ісін қолға алмақ ниетте. Ісмер азамат осы мақсатта өңірлік кәсіпкерлер палатасы мамандарының көмегіне жүгініп, қолдауына ие болды. Сонау Моңғолия жерінен тарихи атажұртына қоныс аударған Солтан Мейремхан осы ауылдан үй және шаруашылыққа қажетті техника сатып алып, бүгіндері мал шаруашылығын мықтап қолға алған. Енді, ол етік тігу кәсібімен айналысуға бел буып отыр. Кезінде Моңғолияда теріден аяқкиім тігумен айналысқан ол теріні өзі илеп, өңдеген екен. Сондықтан, Солтан бүгінгі күні осы ісін қайта жандандырып, қолға алмақ ниетте. Алайда, бастапқы қаржының болмауы шебердің қолын байлап отыр.
– Өз күшіме сеніп, өзімнің жеке кәсібімді ашқым келеді. Тәжірибем де жеткілікті. Дайын өнімге деген сұраныстың да болары сөзсіз. Тек, істі бастап кететін бастапқы қаржының болмауы қолбайлау, – дейді Солтан Мейремхан.
Кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалына барған оған мамандар тарапынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашу үшін қажетті кеңес айтылып, мүмкіндіктері түсіндірілді. Осы орайда, өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Солтанның жоспарлап отырған ісін оң бағалауда. Ауданда мұндай кәсіппен айналысатын адамдардың жоқтығы оның грант алуына мүмкіндігін молайтып отыр. Алдағы уақытта палата сарапшылары бұл жобаны өз бақылауларына алып, жүзеге асырылуына көмектеспекші.

Облыстық кәсіпкерлер
палатасының баспасөз қызметі.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар