Тәрбиеленушілерге тегін

Щучинск қаласында «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында балаларға арналған ойын-сауық кешені ашылды.

Кәсіпкер Біләл Сәкенов  «Ақ желкен» кешенін ашуға 92 миллион теңге көлемінде несие алып, бизнесін кеңейтіп отыр. Сондай-ақ,  мұнда шағын дәмхана мен дүкен де қарастырылған.
Кешеннің ашылу салтанатына Щучинск қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Балалар үшін бұл үлкен қуаныш болды. Алдағы уақытта да жеткіншектер  кешенге тегін кіруге  мүмкіндік алды.  Қала тұрғыны Анар Ысқақованың айтуынша, бұл күнкөрісі орта деңгейлі отбасы үшін таптырмайтын орын. Енді демалыс күндері көп қаражат жұмсамай, балалармен тиімді демалуға болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар