Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дайындық пысықталды - АРҚА АЖАРЫ

Дайындық пысықталды

Кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету шараларын түсіндіру мақсатында Бурабай ауданындағы «Оқжетпес» шипажайында облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Шараға Орталық сайлау комиссиясының өкілдері, шетелдік және отандық бақылаушылар, аудандық сайлау учаскелерінің төрағалары, журналистер қауымы қатысып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова баяндама жасады. Елімізде үш халықаралық ұйымның атынан келген 402 бақылаушы өз жұмысын бастап кетсе, ал, дауыс беруге  барлығы 9 миллионға жуық қазақстандық қатысады деп күтілуде. Президенттікке үміткерлердің мүмкіншіліктері, сайлау науқанының дұрыс әрі жоғары деңгейде өткізілуі жайлы да кеңінен сөз қозғалды. Семинар барысында облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Николай Политкин, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Ольга Добычина аталған науқанға дайындық жұмыстары, заңды бұзған жағдайда қолданылатын әкімшілік, қылмыстық жаза туралы жиналғандарға кеңінен мағлұмат берді. Қатысушылар назарына учаскелік сайлау комиссияларының сайлау күнгі жұмысы жайлы мазмұнды бейнебаян ұсынылып, шара соңы сұрақ-жауап форматына ұласты.
            «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар