Әрбір дауыс маңызды

 

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Көкшетау студенттер альянсы» корпоративтік қорының мұрындық болуымен «Сенің дауысың маңызды!» атты флешмоб өткізілді.

 

Аталмыш шараға бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар ұйымдары қатысты. Флешмобтың негізгі мақсаты –  26 сәуірде өтетін Президенттік сайлауға қатысып, азаматтық белсенділікке шақыру болды. Жастар сайлауға немқұрайлы қарамай, бір адамдай өз үлестерін қосуға шақырды. Сондай-ақ, елуге тарта студент таңдау белгісін көрсетіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар