Ақмолалықтар Елбасы саясатын қолдайды

2015 жылдың 21 және 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Көкшетау және Степногорск қалаларында болып, Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті. 

Делегация құрамында – Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев,  Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай
Мырзахметов, Қазақстан халқы Ассамблея-сы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков бар.  
Сапар барысында РҚШ мүшелері «Көкшетау» мәдениет сарайында, «Көкшетау» облыстық қан орталығында, «Көкшетау минералды сулар» өндірістік кәсіпорны мен ҚР ІІМ Көкшетау техникалық институтында болды.
«Кәсіпкер және аграршылардың өкілі ретінде бизнеске үнемі қолдау көрсетіп жатқаны үшін мен Президентке рахмет айтамын.  2001 жылы біз өз кәсібімізді  жеті адам болып бастадық, бүгін бізде бес жүзге жуық адам еңбек етеді», – деп атап өтті облыс белсенділерімен кездесу барысында «Корпорация Рамут» ЖШС бас директоры Мұрат Теміржанов.  
Өз кезегінде Көкшетау қалалық ауруханасының кардиология бөлімінің меңгерушісі Сергей Зиборов Қазақстанды әлемдегі келісім мен халық бірлігінің аралына айналдырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа шын ниетпен алғыс айтты.
Сайлауда Елбасын қолдайтындықтарын  «Көкшетау минералды сулар» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Әлиев, Ақмола облыстық ауруханасының неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Мақшәріп Мартазанов та жүрек тебіренісімен жеткізді.  
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы арқасында біздің еліміздің – тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарын айта келіп, ақмолалықтар өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ертеңгі күндеріне сенімді екендерін мәлімдеді.
Степногорск қаласына келген делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытжан Ертаев, Сенат пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері болды.
Қала белсенділерімен кездесу барысында «Sareco БК» ЖШС металлургиялық зауытының қызметкері Асылбек Қаржаубаев, Қазақстандағы барлық еңбеккерлердің президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндерін мәлімдеді.
«Біздің бәріміз де 90-шы жылдары Степногорск тұрғындарына қалай қиын болғанын білеміз: бірегей өнеркәсіп өндірістері тоқтап қалды, жұмыссыздықтан көп адам қаладан кетіп қалды. Алайда, біздің Лидеріміз Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында қаланың тыныс-тіршілігі қайтадан жанданды», – деп атап өтті А.Қаржаубаев.
«Жас Отан» ЖҚ Степногорск филиалының жетекшісі Никита Карандашов кездесу барысында сөйлеген сөзінде қаладағы барлық жастардың Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұтатындарына ерекше тоқталды.  
«Биомедпрепарат» кәсіпорнында болған кездесуде жас ғалым Ринат Хананов «Болашақ» бағдарламасын құрғаны үшін мемлекет басшысына алғысын білдірді.  
Ақмола облысының халқымен кездесу барысында РҚШ мүшелері сондай-ақ, бүкіл Қазақстанға әйгілі «Родина» агрофирмасының ұжымымен де кездесті.
«Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру табысты жалғасуда, жаңа жұмыс орындары ашылуда, яғни, бұл халықтың өмір сүру сапасы жоғарылауда, қоғамдағы тұрақтылық сақталуда деген сөз», – деді сөйлеген сөзінде «Родина» агрофирмасы ЖШС-ның сүт зауытының машинамен
сауатын операторы Галина Ковтун.
Ақмола облысының халқы президент-тік сайлауда өз аймағының Нұрсұлтан
Назарбаев үшін дауыс беретініне РҚШ мүшелерін сендірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар