Наубайхананың салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев өз сөзінде жаңа кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне тілектестігін білдірді.
Өзге кәсіп иелері бұл игі істен өнеге алып, өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға одан әрі өз үлестерін қосса, нұр үстіне нұр.
Кәсіпорын «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу және тірек ауылдарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде іске қосылған. Кәсіпкер Анатолий Бондаренко екі миллион теңге көлемінде шағын несие алып, нан пісіруге қажетті қондырғыларды сатып алыпты. Сондай-ақ, үш тұрақты жұмыс орнын ашқан. Мұнда нан өнімінің 7 түрі пісіріледі. Ал, дайын өнімді Державинск қаласындағы дүкендер мен көрші ауылдарға тасымалдайды. Алдағы уақытта шаруа қожалықтарын нанмен қамтамасыз ету жұмысы қолға алынбақшы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.