Тіршілік атаулының тірегі

 Облыстық тарихи-өлкетану музейі мен №12 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Тірі ғаламшар» атты іс-шара болып өтті.

  Экологиялық мереке аясында ұйымдастырылған шарада оқушылар Жер-Ана, табиғат әлемі туралы шағын көрініс қойып, табиғат  тақырыбына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, олар қоршаған орта туралы мол мағлұмат алып, білімдерін кеңейтті.
 Шара барысында облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Алма Құнанбаева сөз алып, халықаралық Жер күні мерекесінің басты мақсатымен таныстырды. Ал, музей қызметкерлері жұмбақ ойынын өткізіп, зерделілерге сыйлық ұсынды. Тағы бір айта кетерлігі іс-шарада белсенділік танытқан бірқатар оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Халықаралық Жер күніне арналған шара «Тірі ғаламшар» атты флеш-мобпен қорытындыланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар