Еңбек ұжымынан ілтипат

 Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының ұжымы  осы салаға ұзақ жыл ғұмырын арнаған соғыс және еңбек  ардагері  Елдес Қоңыровтың үйінде болып, майдангерді Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтады.

  Аталған басқарма басшысы Нұрлан Бекенов қарт майдангерге елімізді жау-дан азат етуде көрсеткен өшпес ерлігі үшін шынайы ризашылығын жеткізіп, гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықты табыс етті. Сондай-ақ, ардагерге мықты денсаулық пен  отбасылық бақыт, немере-шөберелерінің қызығын көре беруін тіледі.
Айта кетейік, Елдес Әмірұлы елге соғыстан аман оралғасын қаржыгер мамандығын меңгеріп, 28 жыл бойы сол салада қажырлы еңбек еткен. Ал, майдан даласына небары он сегіз жасында аттанған ол Днепр өзенін, Венгрия, Австрия, Румыния елдерін фашистерден азат етуге қатысқан.
–Ардагермен бірге екі жылдай еңбек еттім. Өте еңбекқор, қызметіне адал жан. Осындай батыр бабаларымызбен қызметтес болғанымды мақтан етемін. Оларға қамқор болу біздің міндетіміз, – деді  басқарма басшысы  Нұрлан Бекенов. Өз кезегінде қарт ардагер де осынау сый-құрметі үшін аталған басқарма ұжымына шексіз алғысын білдірді.  
Биыл ардагер үшін қос айтулы дата тұспа-тұс келіп отыр. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен қатар, қария өзінің тоқсан жылдығын да атап өтті. Қазір ол Ұлы Жеңіс күніне орай Астана қаласында өтетін шеруге дайындық үстінде. Ендеше, тоқсанның төрінен көрінген батыр атамызға ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын демекпіз.          
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар