Ұлы ерлік ұмытылмайды

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыс орталығындағы №16 орта мектебінің ұжымы «Ерліктеріңіз мәңгі есімізде» атты акция өткізді. 

Шара аясында қаладағы батырлардың ескерткіштеріне тағзым етілді. Аталмыш мектептің 11-ші сынып түлектері алдымен Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің жуырда ашылған  ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұстаздардан майдангердің өмірі жайлы біраз мағлұмат алды. №16 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әсел Асқарова жастарға Ұлы Отан соғысында жерлестеріміздің көрсеткен ерлігі, бейбіт өмірдің еңбегі  жайлы баяндап берді.  Онан әрі акция Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат  Бигелдиновтің және  «Мәңгілік алау» ескерткіштерінің маңында жалғасты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар