Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейто-йына орай Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Zello» жүргізушілер клубы бірлесіп автошеру ұйымдастырды.
Шара барысында отыздан астам көлікті тізгіндеген автошерушілер қаланың басты көшелерімен еліміздің Көк байрағы мен Жеңіс туын желбірете жүріп өтті. Онан әрі қатысушылар «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, автошеру Тәуелсіздік алаңында өз мәресіне жетті. Игі істен көкшетаулықтар мен қала қонақтары да қалыс қалмады. Жұртшылық мерекелік көңіл-күйге еніп, Ұлы Жеңіс мерекесінің жақындап келе жатқанын тағы бір сезіне түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты