Арнасай селолық округінде орналасқан Вячеслав орта мектебінің ауласында 70 түп алма ағашы отырғызылды.
Аталмыш шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналды. Ағаш отырғызуға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшылығы, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, Қазақстан Респуб-ликасы Парламентінің депутаттары, аудан әкімдігінің қызметкерлері, Аршалы ауданының құрметті азаматтары, сондай-ақ, Вячеслав орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Алма ағаштарын отырғызған соң оқушыларға салтанатты түрде «ЭКСПО бағын сақтаушы» деген сертификат табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.