Алма көшеті егілді

Арнасай селолық округінде орналасқан Вячеслав орта мектебінің ауласында 70 түп алма ағашы  отырғызылды.

Аталмыш шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналды. Ағаш отырғызуға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшылығы, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, Қазақстан Респуб-ликасы Парламентінің депутаттары, аудан әкімдігінің қызметкерлері, Аршалы ауданының құрметті азаматтары, сондай-ақ, Вячеслав орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Алма ағаштарын отырғызған соң оқушыларға салтанатты түрде «ЭКСПО бағын сақтаушы» деген сертификат табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар