Көңілді тербеген сазды кеш

Ұлы Жеңіс күні қарса-ңында облыстық филармонияда Біржан сал атындағы Көкшетау музыка коллед-жінің шығармашылық кеші болып өтті.

Шығармашылық кеште Болат Әминов жетекшілік ететін орыс ұлт аспаптары оркестрі мен хор ұжымы, музыка колледжінің оқытушылары және оқушылары табысты өнер көрсетті. Кеште соғыс тақырыбындағы әндер орындалып, аға ұрпақтың ерлігіне тағзым етілді. «Огонек», «Темная ночь», «Журавли», сонымен қатар, Мұқан Төлебаевтың «Кестелі орамал» әні нақышына келтіре орындалды. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Базарбай Кәкенов, Айтуған Нұрмұқанов, Валерия Болиева, Жанат пен Абзал Есовтардың орындауындағы туындылар да көптің көңілінен шықты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкембаева да кеш көркін қыздыра түскенін баса айтқанымыз жөн. Ал, аталмыш колледждің директоры Саян Мұхамедиярдың орындауындағы Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ» әнін жиналған қауым ыстық ықыласпен тыңдады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар