Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көлігіңіздің салығын төлеңіз - АРҚА АЖАРЫ

Көлігіңіздің салығын төлеңіз

 Облыста бүгінде 217142 автокөлік тіркелген болса, тиісті заңнамаға сәйкес, оның иелері мемлекетке салық төлеуге міндеттеледі.

  Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің  бөлім басшысы Гүлнар Балабаеваның айтуынша,  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекске жаңадан енген баптарға сәйкес,  көлігінің салығын төлемей жүргендер үшін қолданылар жаза бұрынғыдан әлдеқайда қатаңдаған.  Бұл тұрғыда бастапқыда  жеке тұлғаларды 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі, ал, заңды тұлғаларды одан әлдеқайда көп көлемдегі айыппұл күтіп тұр. Тіпті, болмай бара жатса, тиесілі мекеме қызметкерлері сол темір тұлпарлардың иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартып, сотқа сүйреуге де құқылы екен. Тіпті, ондай азаматтың ел аумағынан шығуына да тыйым салынады.  Міне, осындай жағдайларға   жеткізбес үшін әкімшілік полиция өкілдері тұрғындарға салықты дер кезінде  төлеп тұруға кеңес береді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар