Мәңгілік ел бағытын бекемдеген

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Ұлт жоспары – 5 институттық реформаны орындауға бағытталған 100 нақты қадам бағдарламасы ел дамуының жаңа мүмкіндіктерін көрсетіп берді.

Бұл мықты әрі нақты реформа. Ол Үкімет пен халықтың байланысын күшейте түседі. Онда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруды және Үкіметтің ашықтығын көздейді. Елбасы көрегендікпен алға қойып отырған Ұлт жоспарын орындасақ, Мәңгілік елге жете алатынымыз айдан анық. Жаһандану үдерісінің  экономикалық сын-қатерлерді төндіруіне байланысты оның алдын алуға, болдырмауға ұмтылумен бірге дамуды жеделдету өмір талабы екендігі даусыз.
Иә, экономикалық, әлеуметтік,
саяси реформалар халықтан ұйысуды, еңбексүйгіштікті, адалдықты сөзсіз талап етеді. «100 нақты қадаммен» жете танысқан жан осыны аңғарары шүбәсіз. Қазіргі зулаған заманда бір орында тұрып қалу өте қауіпті саналады. Сондықтан, шамаң келгенше алға ұмтылған абзал. Өйтпеген жағдайда ғаламды жаулаған экономикалық, саяси ширыға, күрделене түскен бәсекелестікте төтеп бере алмай құрдымға немесе көштің соңында қалуымыз оп-оңай.
Ұлт жоспарындағы әр меже Отанның, біздің және ұрпағымыздың тағдыры болып табылады. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға қатысты қадам да ешкімді бейжай қалдырмайды деп есептеймін. Бұл өте үлкен, тағдыр шешті мәселе екені анық. Жер кодексіне және басқа заң актілеріне уақыт үніне сай өзгерістер енгізілетіні көңілге қуаныш ұялатады. Жер телімдеріне рұқсат алу рәсімдері жеңілдейді. Пайдаланылмай жатқан алқаптар мемлекет қорына алынады. Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту және ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тартылады. Осының бәрі ауыл шаруашылығы саласын дамыту, демек, ертеңгі күнге сенім деген сөз.
Мәңгілік ел дегеніміз, әрине, жалпыға ортақ еңбек қоғамы, еңбексіз игілік келмейтінін ұғыну, жас ұрпаққа ұтымды тәрбие мен білім беру, халықтың бірлігі мен ұғыныстығы, өз мемлекетінің әрбір қадамын қуаттауы деген сөз. «Қазақстан – 2050» стратегиясына апарар бағытты жан-жақты бекемдеген Ұлт жоспары бізді соған шақырады.
Темірхан МҰҚЫШЕВ,
«Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар