Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағыт – бағдарымыз айқын - АРҚА АЖАРЫ

Бағыт – бағдарымыз айқын

Елбасының елге үндеген 100 нақты қадамы әртүрлі саладағы жетістіктерді еселей түсуге зор ықпал ететіні анық. Оның орындалуы елімізді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік туғызады.

Өз кезегімде, бұл мемлекетіміздің кемел болашағына кепіл бола алатын маңызды құжат демекпін.
Соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлікті дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Әрі жаңадан кәсіп ашып, нәпақа табамын деушілерге де арнайы бағдарламалар қарастырылған. Оған қоса, өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған кәсіпкерлерді жөнсіз тексеруге мораторий де оң нәтиже берді. Мұндай шара кәсіпкерліктің көркеюін, ел экономикасының тұғырын бекем етуді қамтамасыз ететін келелі фактор. Әсіресе, шағын және орта бизнестің тасын өрге домалату отандық өнімнің беделін көтеруге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  септігін тигізбек. Біздің ауданымызда да кәсіпкерлік  қуатты күшке айналып, оның өрісі кеңейіп келе жатыр.  Азаматтар өміршең жобаларды ойластырып,  бизнеске жаңа леп әкелуде.
 Ал, бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі  100 нақты қадамда кәсіпкерлердің мүдделері қорғалып, жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің кіруі кәсіпкерліктің көсегесінің одан әрі көркеюіне жол ашпақ. Сондай-ақ, Астана қаласында халықаралық қаржы орталығын құру,  қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесін Конституцияда бекіту мәселесі де құжаттың маңыздылығын арттыра түсті. Мұны бизнес қауымдастығы зор ықыласпен қабылдады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  алға қойып отырған тағы бір үлкен міндет – жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздар санын азайту. Сол себепті, индустриялық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыра беруіміз қажет. Бүгінде кәсіпкерлер мемлекетке сүйенсе, уақыт өте келе мемлекет  бизнес өкілдерінің тарапынан қолдау табуы тиіс.
Қайыр  ЖҰМАҚАЕВ,
Астрахан аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар