Жұртшылықтың назарын аударды

Облыс орталығында облыстық кәсіпкерлер қауымдастығы, қалалық  жастар ресурстық орталығы және «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының ұйытқы болуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  автошеру болып өтті.

Автошеру «Достар» мәдениет үйінің маңынан бастау алды. Мұнда Алаштың ардақты хандары Керей мен Жәнібек бейнелері жапсырылған автокөліктер Әуезов көшесімен жүріп өтті. Шараға қатысқандардың дені жастар.  Қатысушы Мәдина Қасым өз сөзінде жастар арасында көптеген жағдайлар сәнге айналғанын сөз етті. Ал, осы іспетті  ұлттық патриотизм үлгілерін белгілі ету тетіктерінің азаматтық сезім қалыптастырудағы  үлесі зор болмақ.
Аталған акция Алматы қаласы мен Жамбыл облысы жастарының тарапынан қолдауға ие болды. Жиналғандар  ортақ іске бір адамдай жұмылып, атаулы күнді кеңінен атап өтті. Облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Асылбек Кенжебаевтың айтуынша, мұндай шара жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, Қазақ мемлекетінің ел болып еңсе көтерген дәуірден бергі тарихқа үңілуге түрткі болады. Қала жастары осындай патриоттық акция арқылы бүкіл еліміз үшін тәрбиелік мәні орасан тарихи мерекеге көпшіліктің назарын аударды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар