Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қашанда қымбат - АРҚА АЖАРЫ

Қашанда қымбат

Рафаил ФАЙЗИЕВ, Атбасар ауданындағы  «Якташлар» татар-башқұрт қоғамдық  бірлестігінің төрағасы:
– Қазақ халқы секілді, татарлар да қасиетті Отан деген ұғыммен байланысты әр затты, әр сөзді киелі деп санайды. Мен де мұнымен толық келісемін. Қазақстанда тұрып жатқаннан кейін осы елдің Конституциясын сыйлап, елдік рәміздеріне құрметпен қарау – әр отандасымыздың азаматтық борышы. Мемлекеттік нышандар тек ресмилік үшін ғана жасалған жоқ, олар біздің өмірімізбен біте қайнасып жатыр. Ойланып көріңіздерші, әр күніміз таңсәріден теледидар, радиодан шырқалатын Әнұранмен басталса, күнбе-күн қалтамызда жүретін теңгеде Елтаңба бедерленген. Ал, әр мемлекеттік мекеменің төбесінен, зәулім ғимараттардан көк Байрағымыздың желбіреп тұрғанын көреміз. Мұның бәрі біздің мақтанышымыз.

Аягөз МҰХАМБЕТЖАН-ОВА, Зеренді ауданы, Ақан орта мектебінің мұғалімі:
–Әлемдік аренада біздің тәуелсіз ел екенімізді айғақтайтын басты белгілеріміз – мемлекеттік рәміздеріміз болып табылады. Онсыз ешбір елмен достық қарым-қатынас орнатып, қандай да бір келіссөздер жүргізу мүмкін емес деп түсінемін. Осыдан шығатын қорытынды, Мемлекеттік Әнұран, Елтаңба мен көк Туымыз біздің өмірімізде орасан зор рөл атқарады.  Менің шәкірттерім елдік нышандарымызға зор қызығушылық танытып, олардың шығу тарихын сұраған кездерінде бойымды қуаныш кернейді. Неге дейсіздер ғой? Өйткені, оқушылардың рәміздер жайлы әр сөзімді  ұйып тыңдап, Әнұранды жоғары патриоттық сезіммен әуелете шырқағандарына жайбарақат қарау мүмкін емес. Осылайша біздің мектепте де елдің тұтқасын ұстар нағыз азаматтар мен азаматшалар өсіп келе жатқанына анық көзім жетеді.

Базар ҚАСЫМОВ, Көкшетау қаласының тұрғыны, зейнеткер:
– Әрине, мен үшін де мемлекеттік рәміздеріміздің орны бөлек. 1991 жылы егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болғанымызға қалай қуансақ, келесі  жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны дүниеге келген күні және бір шаттандық. Бұл тарихи сәт те жадымызда. Жас мемлекетімізді  алда сындарлы кезеңдер тосып тұрды. Дегенмен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берік ұстанымы мен халқымыздың ауызбіршілігінің арқасында бүгінгідей биік деңгейге жетіп отырмыз. Рәміздерді біліп, қастерлеу арқылы егемен елдің ертеңгі иелері өсіп келеді. Лайым солар аман болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар