Мереке рухын сезінді

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Көкшетау автобус паркі» жауапкер-шілігі шектеу-лі серіктесті-гі бірлесіп, мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Патриоттық автобус» акциясын өткізді.

  Мерекелік шара барысында №1, 10, 12 қоғамдық көліктерінің жолаушыларына мемлекеттік рәміздер бейнеленген естелік сыйлықтар табыс етіліп, елдік нышандар жайлы сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Өз кезегінде тұрғындар да игі іске өз үлестерін қосып, патриоттық әндерді орындады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар