Елтаңба ұлттық рең ала түседі

Облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында елдік нышандарымыздың насихатталуына және мекемелерде дұрыс орналастырылуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Мәжіліс отырысын облыс әкімінің орынбасары, мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары Нұрлан Нұркенов ашып,  жүргізіп отырды. Қазіргі таңда өңіріміздегі барлық білім беру мекемелерінің шәкірттері мен әскерде жүрген сарбаздарға, тұрғындарға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіру мақсатында айтарлықтай шаралар қолға алынып жатыр. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар  облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Жанат Ережеповтің баяндамасы мен  облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бейбіт Жүсіповтың жасаған баяндамасынан анық байқалды. Алайда, мұнымен тоқтап қалмай, патриоттық тәрбие беру бағытындағы іс-шараларды әрі қарай жетілдіре түсу қажет. Әсіресе, жастар арасында идеологиялық жұмысты ширатудың маңызы зор. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов комиссия отырысында осы жайларды айта келе, үстіміздегі жылдың екінші жартысында мемлекеттік рәміздерге қатысты мәселелерді қадағалау мақсатында комиссия мүшелерімен бірқатар мектептерді аралап өткен  жөн екендігін  жеткізді.
Мұндай тексерістерді уақыттың өзі талап етіп отыр. Өйткені, рәміздердің мемлекеттік стандарттарға сай болуы, дұрыс орналастырылуы жайлы жылда қанша айтылып келе жатқанымен, тексерген кезде заң бұзушылықтар бәрі бір анықталып жатады. Мұны тоқтатудың бір амалы ретінде биылдан бастап жа-уапты тұлғаларға қатысты әкімшілік жаза қолданысқа енгізілгенін айта кету керек.   
Осы орайда, баса мән беретін тағы бір жәйт,  Елтаңбаға енгізіліп жатқан өзгерістер. 2017 жылға дейін мекемелерде  бұрынғы Елтаңба ұлттық стандартқа сәйкестендірілген  Елтаңбамен ауыстырылуы тиіс. Бұл жөнінде облыстық техникалық  реттеу және метрология департаментінің бөлім басшысы Айгүл Ахтаева өз хабарламасында айтып өтті. Мұның барлығы қаржыға келіп тірелетіндіктен, оның үстіне өңірімізде мемлекеттік рәміздерді жасайтын лицензиясы бар кәсіпорын жоқ болғандықтан, бұған алдын ала дайындықпен келмесе болмайды. Сол себепті, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қалалар мен аудандардың әкімдеріне жергілікті бюджеттерден жаңа Елтаңбаға  қаржы көзін қарастыруды, сондай-ақ, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні еліміз бойынша өтетін Мемлекеттік Әнұранды жаппай орындау акциясына барша ұжымдардың бір кісідей қатысуын мұқият тапсырды.
«Арқа ажарының»  
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар