Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Белгіленген тәртіппен жүргізіледі - АРҚА АЖАРЫ

Белгіленген тәртіппен жүргізіледі

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы қаулысымен бекітілген мемлекет көрсететін қызметтер тізіліміне сәйкес, облыстық қаржы басқармасы Қазақстан Республикасының сыйлыққа беру шарты бо-йынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке деген құқын Үкімет белгілеген тәртіпте қабылдайды.

 

Мүлікті жекеменшіктен мемлекеттік меншікке беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы қаулысымен бекітілген сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқына ие болу қағидасымен реттеледі. Аталмыш ережелерге сәйкес, мүліктің иесі сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқына ие болу қосымшасымен, тапсырылатын жылжымайтын мүлік нысанының құқық белгілеушісі және құқықты куәландыратын құжаттардың көшірмесі (сатып алу, сату шарты, техникалық төлқұжат, маңайындағы жер учаскесінің актісі), меншіктенушінің түпнұсқасы туралы мәліметтер, мүлікті бағалау есебі және өзге де қосымшасымен облыс әкімдігіне жүгінеді.
Жергілікті атқарушы органдар сыйлық шарты бойынша мүлік құқын мемлекеттік сатып алудың қажеттілігі жөнінде қорытынды шығару үшін жергілікті мемлекеттік басқарудың функциясын жүргізеді. Сондай-ақ, аталмыш органдар меншік иесінен өтініш алған күннен бастап бір аптаның ішінде атқарушы органға сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқын мемлекетке беру жөніндегі ұсынысынан хабардар етеді. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Аудандық әкімдік тиісті ұсынысты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сыйға тарту бойынша экономикалық негіздемесі мен мемлекеттің мүлік құқына ие болу қажеттілігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды дайындап, мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті органға немесе жергілікті атқарушы орган мен қаржы басқармасына жібереді. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүліктері бойынша сыйлыққа беру шартын жасау тиімді болған жағдайда жергілікті атқарушы орган – Ақмола облыстық әкімдігімен қабылданады. Биылғы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша қаржы басқармасымен көрсетілетін қызметті алушының мүлікті мемлекетке өтеусіз беру жөнінде 4 өтініші қаралып,  мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкін сыйға тарту шартын жасау туралы шешім қабылданды.
Талғат ХАСЕЙІНОВ,
Ақмола облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар