Жаралы жылдар жадымызда

Облыс орталығына іргелес жатқан Краснояр селосындағы «Көкше» мәдениет үйінде қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында «Жаралы зұлмат жылдары» атты акция болып өтті.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы ұйымдастырған шараға Краснояр селосының әкімі Базарбай Әбуов, ауылдық мешіт имамы Науан Мүтәлұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысып,  жазықсыз опат болғандарды бір минут үнсіздікпен  еске алды. Қуғын-сүргінге ұшырап, абақтыда талай жыл қамауда болған жерлес жазушы Ибрагим Салаховтың ұлы Камиль әкесі жайлы жан түршігерлік жайды айта келе, қаламгердің үйін жөндеп, ол жерде мұражай ашылса екен деген тілегін жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар