Арыз-шағым тыйылар емес

Облыстық прокуратурада өткен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қарапайым халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға байланысты бірқатар өзекті мәселелер сөз болды. 

Облыс прокуроры, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы  Мұратбек Исаділовтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында мемлекеттік мекемелер мен заң органдарына тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің уақытылы қаралуы, құқық қорғау саласына білікті кадрлар даярлау ісі талқыланды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс прокурорының аға көмекшісі Шынар Сансызбаева баяндама жасап, өткен жылы  облысымыздың прокуратура органдарына он бір мыңнан астам тұрғыннан өтініш-тілектер келіп түскенін, соның жеті мыңы өз шешімін тапқанын атап өтті.
Өкінішке орай, өтініштері қараусыз қалып жатқан жандар да аз  емес. Бұған кейбір мемлекеттік мекеме, құқық қорғау қызметкерлерінің өз істеріне жауапсыздықпен қарауы себеп болып отыр. Он жұмыс күні ішінде жауап берілуі тиіс хатты сағыздай созып, кешіктіріп,  осылайша қарапайым халықтың өздеріне деген сенімдерін жолғалтатын тәртіп сақшыларының кейбір әрекеті де қоғамдық кеңесте сынға алынды. Тұрғындардан  әсіресе, құқық қорғау қызметкерлерінің тергеу  жұмыстарын дұрыс жүргізбеуіне қатысты наразылықтар  көп түсетін көрінеді. Мәселен, Целиноград аудандық прокуратурасы сондай бір өтініш негізінде тексеріс жүргізіп, аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан осындай заңсыздықты  әшкерелеген.
Тәртіп сақшысы бола тұра, заңға қайшы әрекетке бару еш қисынға келмейді. Бұл өз жұмысына деген жауапсыздық пен біліктіліктің аз екендігін аңғартады. Сол себепті, мамандарды құқық қорғау органдарына жұмысқа қабылдауда талапты күшейту керектігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
та халыққа арнаған әр Жолдауында айтып келеді. Қоғамдық кеңесте жоғары оқу орындары басшыларына заң факультетінде оқып жүрген  студенттерге заңдылық пен кәсіби біліктілікті теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де үйретуге ұсыныстар білдірілді.          

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар