Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болдырмауға күш салынуда - АРҚА АЖАРЫ

Болдырмауға күш салынуда

«Ақмола Медиа Орталығында» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшылары жыл басынан бергі жұмыс қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Шарада  сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан науқандардың тиімділігі мен нәтижесі талқыға түсті. Аталған  департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ерлаз Жайықбаев пен ұйымдастыру-бақылау бөлімінің  басшысы Жанайдар Рамазанов қоғам дертінің жолын кесудегі негізгі бағыттар жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Департамент қызметкерлері  сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру үшін өзге мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюда. Жыл басынан бері облыс аумағында 84 қылмыс тіркеліп, олар бойынша тергеу жұмыстары жүргізілді. Әрі оның нәтижесін ескере отырып, құқық бұзушыларды лауазымынан айыру түрінде тәртіптік жаза қолданылған.
Пара алумен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне пара беру оқиғалары жиі ұшырасатынын атап өту қажет. Бұл азаматтардың   оларға деген сенімсіздігін тудырып,  теріс пікірдің қалыптасуына әкеп соғады. Сондықтан, жаңсақ ойларды түбегейлі жою үшін семинарлар мен дөңгелек үстелдер жиі ұйымдастырылуда. Оған қоса, азаматтық қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату жұмысына баса назар аударылып келеді. Бұған «Адал жол»  марафоны дәлел болып отыр. Шара Көкшетау, Степногорск және облыстың 17 аудандарында қолға алынып, ортақ іске қалың көпшілікті тартуға бағытталған.
Басқосу соңында қатысқан бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері  сенім телефонының  нәтижелілігі, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өсуі төңірегінде сауалдарын қойды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар