Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің сөзін ер айтар - АРҚА АЖАРЫ

Елдің сөзін ер айтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық мәжілісінде сенатор Жабал Ерғалиев тағы бір өзекті мәселені көтерді. Ол бұл жолы Қазақстан Респуб-ликасы Инвестиция және даму министрі Ә.Ө.Исекешевке жолдаған депутаттық сауалына 2015 жылғы 19 наурыз күнгі «Арқа ажары» газетінде жарияланған «Жолшылар «рахметін» қашан қияр екен?!.» деген Целиноград ауданының тұрғыны Шынар Бекбаеваның пікірін арқау етіпті.

  «Құрметті Әсет Өрентайұлы! Биылғы жылдың 15 қаңтарында Үкімет басшысына «Астана-Бурабай» автобанында жолаушыларға ақылы қызмет көрсетуде орын алып отырған кемшіліктер мен келеңсіздіктер жөнінде сауал жолдаған болатынмын. Бұл сауалды республикалық «Егемен Қазақстан» газеті биылғы жылғы 14 ақпанында жариялаған еді. Осы мақалаға орай Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғыны Шынар Бекбаева үн қатып, көпшілігіміз мән бермей жүрген өте бір өзекті мәселені көтеріп, өз пікірін жазып жіберіпті.
Оның бұл пікірі Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 19 наурыз  2015 жылғы санында   «Жолшылар «рахметін» қашан қияр екен?!.» деген тақырыппен жарияланған екен. Ол былай дейді:  «Осы автобанға қатысты бізді де алаңдатып отырған тағы бір өзекті мәселе тіл мәселесі дер едім. «Астана-Бурабай» ақылы жолының іске қосылғанына біраз уақыт өтсе де, әлі күнге дейін жүргізушілерге мемлекеттік тілде қызмет көрсетілмей келе жатқаны өкінішті-ақ. Осы жолмен қаншама рет жүріп өтсек те, кассаларда орыс тілінде жазылған «спасибо» сөзін ғана көріп, бір ауыз «рахметке» зар болып қалғанымыз қалай?! Өзінің мемлекеттік тілі бар Қазақстандай егемен елде тұрып жатқаннан кейін ана тіліміз кез келген жерде ресми тілден асып түспесе де, тең дәрежеде қолданыста болуы тиіс деп есептеймін. Қазақ тілінің мәселесін тездетіп шешу керектігін біз сияқты қарапайым халық қана емес, Елбасымыз да өзінің Жолдауларында  айтқан болатын.  Алыс жолдан келе жатқан жолаушыға жолақысын төлегені үшін қазақ тілінде рахметімізді айтып, оң сапар тілесек, одан ештеңеміз кетпейді. Керісінше, тілімізге деген құрмет арта түседі деп ойлаймын. Сондықтан да, автобанда тұрған қондырғыларға  жуық арада қазақша жазуларды енгізуіміз қажет».
Міне, қарапайым жолаушының ойы осы! Сіздің назарыңызға осы бір орынды уәжді жеткізе отырып, алдағы уақытта «Астана-Бурабай» автобанындағы терминаторлар да мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге көшеріне сенімдіміз.
Жабал Ерғалиев,
Сенат депутаты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар