Жерар жер соқтырып кетті

 Өткен сенбі күні футболдан Премьер-Лигада сынға түсіп жатқан Көк-шетаудың «Оқжетпес» командасы өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады. Бұл ойынды әдеттегідей облыс әкімі Сергей Кулагин де көріп,  тамашалады.

  Ойын басталысымен-ақ, алматылықтар басымдық көрсетіп, алаң иелері қорғанысының әлсіз тұстарын іздеумен болды. Бірақ, біздің қорғаушылар оларға жол бермеді. Матчтың 5-ші минутында «Оқжетпес» командасының капитаны Әлібек Бөлешовтың есеп ашуға мүмкіндігі болды. Оның тым қатты тепкен добы қарсыластар қақпасының үстінен өтті. Допты қақпаға дәлдеп тепкенде қақпашы ұстай алмайтындай сәт туындап еді. «Қайраттықтар» да бұрыштама доп теуіп, біздің қақпаға қауіп төндірді. Дегенмен, баспен соққан доп қақпаның үстінен өтті.
Дмитрий Сычев қақпашы Владимир Плотниковты тексергісі келіп, алыстан доп бағыттағанымен, нәтиже шықпады. Алаң иелері бірінші болып есеп ашты. Виталий Волков Лука Ротковичке пас берді.  Допқа қорғаушылардан бұрын жеткен оның баспен ұрған добы қақпаға дөп түсті. Алайда, алаң иелерінің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. «Қайрат» командасының легионер шабуылшысы Жерар Гоу алдымен, есепті теңестіріп, одан кейін ойынның 37-ші минутында өз командасын алға шығарды. Бұрыштамадан берілген екі допты да ол  баспен соғып енгізді. Үзілістен кейін Әлібек Бөлешов есепті теңестіре жаздады. Оның айып алаңына кіріп, тепкен добы бағанаға тиді. Егер алаң иелері осы жолы есепті теңестіргенде, ойын басқаша өрбитін бе еді. Дегенмен, дес бермеген
Жерар Гоу матчтың 65-ші минутында  үшінші добын соғып, оқжетпестіктерді жер соқтырып кетті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар