«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында партияның саяси менеджмент мектебі көшпелі семинар-тренинг ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты – семинарға қатысқан атқарушы және өкілетті органдардың қызметкерлерінің басқарушылық  қабілеттерін ұштап, жетілдіре түсу. Семинар барысында «SHAIKH» Сындарлы шешімдер агенттігінің бас директоры, Қазақстан GR клубының негізін қалаушы Қазыбек Шайх, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаевтың  дәрістері тыңдалды. Онда  билік органдарымен және мүшелерімен өзара әрекет ету, өңірлерде партияның беделін нығайту сынды өзекті мәселелер қамтылды.
Семинарға 30-ға тарта тыңдаушы қатысып, оларға Саяси менеджмент мектебінің сертификаттары табыс етілді. Солардың бірі – «Нұр Отан» партиясының
Бурабай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайныш Өміртаеваның айтуынша, семинарда оқылған дәрістер көптеген тақырыптарды жаңа қырынан қарастырып, білім көкжиегін кеңейте түсуге мүмкіндік берген.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар