Бапкерлерді еске алды

Ерейментау ауданындағы мәдени-спорт кешенінде дзюдодан республикалық турнир болып өтті.

Чемпионат Ерейментау ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары, Қазақ КСР спорт шеберлері Бауыржан Әбдірахманов, Рүстем Ыбыраев, Қайрат Шәріпов, Мұрат Матышевті еске алу құрметіне орай өткізілді.
Республикалық турнирде Астана, Көкшетау, Степногорск, Маңғыстау, Қарағайлы, Арқалық, Қостанай, Петропавл, Сәтпаев, Семей, Жезқазған қалалары мен Целиноград, Ерейментау ауданынан жалпы саны 15 команда бақ сынасты.
Турнир қорытындысы бойынша әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша Астана, Жезқазған қалалары мен Ерейментау ауданынан Айдос Жалғаспаев, Шерзат Дәулетов, Сұлтан Орынбасар, Джамшет Сулаймони, Азамат Жамауов, Саварбек Боков, Алдияр Төкен, Төлеу Қайроллаев, Мейрам Темоханов және Хаджымұрат Теміртасов, Тимур Қанабеков жеңіске жетті. Командалық жарыста да «Астана 1» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ олардың жаттықтырушылары медальдармен марапатталып, арнайы дипломдарға ие болды.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар