Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біреуі біліп, біреуі білмей... - АРҚА АЖАРЫ

Біреуі біліп, біреуі білмей…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңестің төрағасы Қуаныш Жапақовтың төрағалығымен аталмыш кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңесте сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны және Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті тұлғаларға тәртіптік істер қаралды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы тәртіптік кеңестері туралы Ереженің талаптарына сәйкес, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның өңір халқының сыбайлас жемқорлыққа мәдениет деңгейін қалыптастыру жөніндегі есебі тыңдалды. Тәртіптік кеңес басқарма басшысына облыс халқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру және мемлекеттік тәртіпті нығайту жөнінде тиісті ұсыныстар жасады.
Бұланды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы М.Айжарықовқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Ол Макинск қаласын абаттандыру жөнінде өткен кеңесте жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды бұзып, әріптесіне қатысты әдепсіздік көрсеткен. Бұл Ар-намыс кодексінің талаптарын бұзушылыққа жатады. Бөлім басшысына ескерту жасалды. Шортанды аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т. Едігенов пен оның орынбасары Г.Коркоткоға қатысты тәртіптік іс қаралды. Олар субсидия бөлу кезінде өз құзыреттеріне жататын тәртіпті бірнеше рет бұзып, сыбайлас жемқорлыққа жол ашқан. Аталмыш басшылардың лауазымын төмендетуге ұсыныс жасалды.
Еңбекшілдер аудандық білім бөлімінің басшысы
Г.Жақыповаға қатысты тәртіптік іс қаралды. Басшы конкурс өткізбей-ақ, аудан орталығындағы «Күншуақ» бала бақша меңгерушісінің міндетін атқарушы лауазымына жоғары білімі жоқ З.Әлекешеваны тағайындаған. Сөйтіп, мекемеге қызметке тұратын адамға заңсыз артықшылық жасап, көмектескен. Бұл заң бұзушылыққа жатады. Тәртіптік кеңес бөлім басшысын қызметінен босату жөнінде ұсыныс жасады. Облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Ж.Бейсембаева, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы А.Тұрымбаев пен облыстық табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қ. Балтабековке қатысты тәртіптік істер қаралды. Аңшылық алқаптарды бекіту комиссиясы құрамында болған олар «KazStore» серіктестігінің өтінімінен бас тартып, заңды тұлғаларға құқықтарын жүзеге асыруға бөгет жасаған. Бұны тәртіптік кеңес сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылық деп танып, тиісті шешім қабылдады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар