Дем алуға көптеп келіп жатса

Ол да өңіріміз үшін қосымша табыс көзі.  Облыстық туризм басқармасының қолдауымен Щучинск-Бурабай курортты аймағында көрші Ресей мемлекетінің туристік фирмалары үшін ақпараттық тур өтті.

Шараның басты мақсаты – облысымыздың туристік әлеуетін арттырып, екі елдің туристік фирмалары арасында іскерлік қарым-қатынас орнату. Ресей елінің Курган, Екатеринбург, Тюмень, Челябі, Нижний Тагил және Березовский қалаларынан 22-ге жуық туристік фирмалардың өкілдері қатысты. Қонақтарға ең үздік демалыс нысандары таныстырылып, туристерге көрсетілетін қызмет түрлері назарға ұсынылды. Өңірдің бетке ұстар  Абылай хан алаңында орналасқан мәдени-сәулет кешені, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Қазақстандық Лапландия» ертегі қалашығы ерекше ықыласқа бөленіп, қызықтырды. Курган қаласынан келген «Здоровье»  санатория-курорттық ұйымының өкілі Светлана Сахарова өз ойымен бөлісіп, ынтымақтастық туралы 100-ге тарта  келісім-шарт жасалғанын алға тартты. Оның айтуынша, екі елдің бірлесе жұмыс істеуі жалғаса бермек. Сонымен бірге, еліміздің басқа өңірлеріне де барып, тәжірибе алмасуды көздеуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар