Степногорск қаласының жаңа әкімі Әнуар Күмпекеев іргедегі Қарабұлақ ауылының тыныс-тіршілігімен танысты.
Осындағы намазханада болып, имани насихаттың қалай жүргізіліп жатқанына қанықты. Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылда әзірге мешіт жоқ. Бірақ, намазхана үйі Аллаға құлшылық жасайтындардың ислами парыздарын өтеуге мүмкіндік береді. Ауыл имамы Ғарифолла Кенжин жергілікті кәсіпкерлердің басын қосып, намазхананың іші-сыртына жөндеу жүргізді.
Қала әкімі Әнуар Күмпекеев бар жағдайды сұрап білгесін намазханаға дыбыс күшейткіш құрал-жабдықтар сатып әперуге уәде берді. Сосын Құран оқытып, имамның батасын алды.