Ауруханадағы балаларға қуаныш сыйлай білді

«Көкшетау минералды сулары» АҚ ұжымы облыстық «Болашақ» ауруханасында ем қабылдап жатқан жүйке жүйесі зақымдалған балаларды өткен төл мерекелерімен құттықтады.

«Болашақ» ауруханасында емделуші  балалар мен олардың ата-аналарын алдымен аталмыш мекеменің бас дәрігері Бейбіт Төкенов құттықтап, бүлдіршіндерге зор денсаулық тіледі.  Сондай-ақ, бірнеше жылдан бері мекемеге демеушілік жасап келе жатқан «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының өкілдеріне алғысын білдірді.
Биыл да  жылдағы дәстүрмен 250 мың теңгенің көлемінде ауруханадағы психолог пен логопед мамандарының кабинеттеріне қажетті әлеуметтік оқулықтар мен құрал-жабдықтар, кілем, балалардың ойлау қабілетін дамытатын ойыншықтар, асханаға арналған арнайы орындықтар табыс етті.   
–Биылғы жылы аталмыш ауруханамен қатар, облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатқан балаларды, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығындағы жасөспірімдерді, Щучинск қаласындағы «Балалар үйіндегі» сәбилерді, Есіл, Ақкөл, Шортанды аудандарындағы жетім балалар үйінің тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырмай, оларға да сый-сыяпат жасады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар