Жауынға малшынған жолаушы

аялдаманың жоқтығына өкпелі

Жұртшылықты мазалаған әлеуметтік мәселелерді шама-шарқынша көтеріп жүрген газетімізге жуырда еңбек ардагері Жайлаубай Қасым атамыз  келіп, бізден облыс орталығының  кей бөлігінде не себепті аялдамалардың жоғын біліп беруімізді сұраған еді. Ақсақалдың өтінішімен біз мәселені жан-жақты зерттеуге кірістік.

 

Аптап ыстықта күннен қорғанып, желде ықтап, нөсерде жауыннан  паналар   дүңгіршектердің қала тұрғындары үшін ауадай қажет екені белгілі.  Жазда екі күннің бірі жауынды-шашынды келетін біздің өңірде  қоғамдық көлікпен жүретіндер көтерген бұл мәселе айрықша өзекті.  Біз мәселенің анық-қанығын білмек болып, Көкшетау қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне хабарласқан едік.
Бөлімнің техникалық қадағалау секторының меңгерушісі Төлеубек Ыбыраевтың айтуынша, облыс орталығында  247 аялдама бар.   Оның  146-сына павильон орнатылған.  Ал, қалғаны техникалық  талаптарға байланысты дүңгіршектер орнатуға жатпайтын алаңдар екен.  Ол жерлерде адам да,  көлік те аз жүріп-тұратын көрінеді.  Осы іске жауапты маманның сөзіне сенер болсақ, құны 500 бен бір миллион теңгенің арасында болатын павильондар қажетті жерлердің бәрінде тұр.
Мәселенің түп-төркіні Абай көшесінен шыққандықтан,  қаланың осы орталығында  дүңгіршектердің болмау себебін сұрап білдік.  Бұл – осы  көшеде 2013 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты екен.  Биыл аяқталады деп күтіліп отырған жөндеуден кейін көшеде автокөлік, жаяу жүргіншілер жолдары  жаңғыртылып, жан-жағы абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне  су жаңа павильондар қойылады деп күтілуде.  Қаладағы аялдамаларға қатысты «жыр» осымен бітер деген ойдамыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар