Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкіндіктер көкжиегі кеңейіп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкіндіктер көкжиегі кеңейіп келеді

Бүгінгі таңда ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға баса мән беріліп отыр. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы аз уақыт ішінде қыруар межені игеру қажеттілігін нақтылады. Әрі Ұлттық жос-пар да ел  азаматтарының көкейлеріндегі кей сауалдарға салмақты жауап болды.

Жолдаудағы басты мәселенің бірі – онда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші оның экономикасы екені кеңінен айтылды. Ал, оны нығайтудағы басты құрал индустриалдық-инновациялық экономика құру, жаңа инновациялық үдерістерге жол беру болып табылады. Сол себепті, еліміздің бар әлеуетін  дұрыс бағытта ұтымды пайдалану жетер жетістігімізді бірсыпыра жақындата түсері айқын.
Елбасының өзі тікелей ендіріп отырған 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының мақсаты еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізуді басты бағдар етіп отыр. Бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізінде ойластырылған сүбелі бағдарлама. Мұны жылдар бойы жинақталған тәжірибеге сүйене отырып жасалған еліміздің өндірістік саясатының түп тамыры десек те артық емес.
Аталған бағдарлама аясында облыста көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, Индустрияландыру картасына 644,9 миллион теңге соманы құрайтын 36 жоба енгізілді. Ең бастысы,  тұрақты  жиырма жеті мыңға жуық жұмыс орны ашылып,  өңірдегі  жұмыссыздықтың саны біршама азаймақ. Салыстыратын болсақ, өткен жылы өз жұмысын бастаған 10 жоба шеңберінде 720 жұмыс орны ашылған болатын. Айта кетерлігі, жобалардың көпшілігі  құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамытуға негізделген.
Ағымдағы жылы өңірде 25 нысан іске қосылады. Мәселен, Зеренді ауданындағы «Дарбаза-A» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан екі жүз орындық мейрамхана мен қырық орындық қонақ үйі, сондай-ақ, Сандықтау ауданындағы «Шишкин Ю.И.» жеке кәсіпкерлігінің консерві өндіретін цехын бірінші тоқсанда пайдалануға беру көзделіп  отыр.
 Астана қаласы төңірегінде азық-түлік белдеуі бойынша Целиноград ауданында «Capital Projects Ltd»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына жиырма мың тонна бройлерлік құс етін өндіретін құс фабрикасын салу жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда мұнда 17 бройлер өсіретін инкубатор, құсты сою және  оның етін өңдеу цехы іске қосылды. Облыста құс өсіру шаруашылығы жақсы жолға қойылып келеді. Санынан гөрі сапасына баса назар аударылып, озық тәжірибелердің негізінде өндірістің қуаты артып отыр. Енді жоба шеңберінде өңір толыққанды сапалы етпен қамтамасыз етіліп, құс етінің импортын алмастыру турасында ілкімді қадамдар жасалып жатқандығын атап өткен жөн.
Ал, Шортанды ауданындағы «Полимер пласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі полиэтиленді өнімдерді өндірумен айналысады. Аталған жоба да өңірдегі экономикалық ахуалға ерекше серпін беріп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Сандарды сөйлетер болсақ,  осы уақытқа дейін кәсіпорын 405 миллион теңге сомаға 1071 тонна  дайын өнім шығарған екен. Өңірде осы іспетті ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер баршылық. Әрбіреуі жеке кәсіпкерлік бола тұра, еліміздің экономикалық тұрғыдан нық тұруын қамтамасыз етіп отырғаны көңіл көншітеді.
Осындай озық технологияларды қолданатын кәсіпорындар өндіріс тиімділігін арттыруды және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартуды жіті қадағалап отырады. Бұл дегеніміз отандық өнім бәсекеге қабілетті болады деген сөз. Әсілінде, бұл әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кірудің негізгі алтын көпірі болмақ. Мемлекет межеленген жоспардың орындалуын және көрсеткіштердің төмендемеуін қатаң бақылайды. Осы орайда, бірінші бесжылдықта қолданыстағы кәсіпорындар жаңғыртылса, екінші бесжылдықта қуатты өндірісті қалыптастыруға негіз қаланды.
Алдағы уақытта да бұл бастама өз жалғасын табады. Себебі, біздің басқармаға келіп түсетін ұсыныстар легі толастамай,  Индустрияландыру картасына ендіру мақсатымен жаңа жобалардың жоспарлары жасалынуда.
Елбасы елімізде кәсіпкерліктің бағыт-бағдарын анықтамайынша, мемлекеттің экономикалық жағдайы оңалмайтынын жиі еске салып отырады. Сондықтан, Жолдауда жеке кәсіпкерлерге барлық жағдайды жасап, орта деңгейге жеткізуді міндеттеген еді. Түптеп келгенде экономика дамығанша, халықтың әл-ауқаты  түзелмейтіні хақ. Сол себепті, шағын және орта бизнес экономиканың күретамырына айналуы тиіс.
Маңызды құжат осындай толғақты мәселелердің бүге-шүгесін баян етіп, алда тұрған міндеттерді орындауға білек сыбана кірісу қажеттігін көрсетті.  Экономикамыз орнықты, табысымыз толымды болу үшін қандай іс-әрекеттерге бой ұру қажеттігі сынды мәселелер төңірегінде ой қозғалды. Сондықтан, сөзден іске көшіп, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай еңбек ету қажет.

 Берік МҰСТАФИН,
облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар