Қолдау қуаты

Мемлекет басшысының Ұлт жоспарының төртінші бағытында атап көрсетілген іргелі  міндеттерді халыққа ақпараттық түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестиция-лар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов ақмолалық қоғамдық жұртшылық  өкілдерімен кездесті.

Кездесуге ғылыми-шығармашылық, қоғамдық ұйымдар және жастар қозғалысының жетекшілері қатысты. Онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов Ұлт жоспары бойынша мәдениет, дін, спорт және мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты міндеттерді жүзеге асыру үшін  нақты шаралардың қолға алынғанын, әсіресе, отандық  БАҚ жұмысына басымдық беріліп отырғанын атап өтті.
– Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы қолға алынып отырған барлық шаралар БАҚ-та белсенді көрініс табуы  керек. Осы орайда, отандық бұқаралық ақпарат көздеріне қазіргі заманғы ақпараттық арналарды пайдалану арқылы осы іске қоғамды жұмылдыру міндеті жүктеліп отыр, – дейді С.Сәрсенов.
Сонымен қатар, вице-министр  Ұлт жоспары басымдықтарының маңызы, оны жүзеге асыру тетіктері жөнінде де түсіндіріп берді. «Сәйкестік және бірлікті» нығайту бойынша тұжырымдама жобасын жетілдіру жолдары қарастырылды.
Кездесу барысында белгілі қаламгер, аудармашы Ғосман Төлеғұл, Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатұлы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Зура Шуатаева, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов және ақын Иран Тасқара сөз сөйлеп, Ұлт жоспарында алға қойылған міндеттердің Ақмола өңірінде де жүзеге асырылуына белсене атсалысатындықтарын жеткізді.
Сараптама тобы жұмысының қорытындысы бойынша «Сәйкестік және бірлік» бағыты аясында нақты қадамдарды жүзеге асыру  жөнінде ұсыныстар жүйелендірілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар