Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарқайыңның жарқын жобалары - АРҚА АЖАРЫ

Жарқайыңның жарқын жобалары

Ақмола Медиа Орталығында Жарқайың ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы бағыт-бағдары жөнінде брифинг өткізді.

– Өнеркәсіп саласында 147 пайыз өнім өндіріліп, қызмет көрсетілді. Өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі 154 пайызды құрады, – деді аудан әкімі. –Биылғы жылы Индустрияландыру картасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жылына 150 мың тонна қиыршық тас өндіретін кешен құрылысы жүргізілуде. Өңірлік үйлестіру кеңесінде «Кенский селосындағы диірмен кешені құрылысының» жобасы қорғалып, өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілді. Сондай-ақ, темір рудасын қазып алып, өңдейтін Массал тау-кен орнының жобасын Индустрияландыру картасына енгізу үшін өтінім берілді. Жоба 2016 жылы жүзеге асырыла бастайды деп көзделді. Бұған қытай инвесторы тартылды. Нысан пайдалануға берілгенде 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Ауданның 2020 жылға дейінгі 4 инвестициялық жобасы бар. Жеке инвестицияларды тарту экономиканың негізі болып табылады. Осы орайда, біз экономиканың инвестициялық мүмкіндігі, қолда бар ресурстар, инвесторлар үшін ең тартымды жағдай жасау жөнінде ақпарат таратудан бастадық. Нәтижесінде ауданның негізгі капиталына 624 миллион теңгенің инвестициясы тартылды. Иран инвесторларының қатысуымен Тасты-Талды селосындағы 20 жылдан астам уақыт қаңырап бос тұрған 120 мың тонналық элеватор қалпына келтірілуде. Нысан құрылысына жергілікті тұрғындар тартылған. Сонымен қатар,  «Темірлэнд САН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі отандық және шетелдік инвесторларды тарту арқылы қуаты 10 мың тонналық элеватор құрылысын жүргізбекші,–дейді аудан әкімі.
Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында үлкен маңызға ие. Қамырлығы жоғары азық-түліктік бидай өндірісі саланың негізі болып табылады. Аудан әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 523 миллион теңгені құраған. Аудан диқандары өткен жылы 600 мың тонна астық жинады. Көктемгі егіс жұмыстарының алдында ауыл шаруашылығы техникасы мен сапалы тұқым дайындалды. Барлық егіс алқабының 70 пайызына дәнді дақылдар сіңірілген. Жұмыс екі ауысымдық мезгілмен жүргізіліп, тәулігіне 40 мың гектар жерге тұқым себілді. Ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері әртүрлі 87 техника және алыс шетелдік 112 комбайн сатып алды.  Мал шаруашылығы саласында ірі қара малдың 106 пайызға дейін өсуі байқалады. Тасөткел мен Үшқарасу ауылдарында 100 және 50 басқа арналған мал бордақылау алаңдары құрылды. Үш шаруашылық өздерінің және несие қаражаты есебінен 189 бас ірі қара сатып алды. Аудан табындарында асыл тұқымды ірі қара мал басы 10 пайызға дейін өсті. 35 шаруашылықта асыл тұқымды селекциялық жұмыстарды жүргізуге 98 миллион теңге субсидия бөлінді. Ауданда бірқатар өндірістік кооперативтер құрылып, 120 бұқа, 2940 сиыр сатып алыпты. Сөйтіп, село тұрғындары екі қолына бір күрек тапқан.
Өткен жылы Пригородный селосында орналасқан «Рассвет» шаруа қожалығында тауарлы сүт фермасы құрылып, тәулігіне бір тоннаға дейін сүт өңдейтін цех жұмыс істей бастады. Қазір оның өнімдері үлкен сұранысқа ие. Сүт өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін биылғы жылдан бас-тап жақын маңдағы село тұрғындарынан сүт сатып алынуда. Өткен жылы бұлар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы несие алып, автокөлік пен сүт қабылдау орнына арнайы қондырғылар сатып алды.
Тұрғын үй құрылысы саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 172 па-йызды құрады. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде «Молодежный» шағын ауданында орналасқан 75 пәтерлік тұрғын үй қалпына келтірілуде. Сондай-ақ, осы шағын аудандағы келесі 75 пәтерлік тұрғын үйді қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттамасын жасау бойынша техникалық зерттеу жұмысы жүргізіліпті. «Молодежный» шағын ауданындағы тағы бір тұрғын үйді техникалық зерттеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 800 мың теңге бөлінді. Зерттеу тұрғын үйді қалпына келтіруге болатынын анықтапты. Аудан тұрғындары үшін 703 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Коммуналдық салада қалада орналасқан 5 бу қазандығы қысқартылыпты. Пәтерлерде жылу тәртібін сақтап, жылу тұтынатын нысандар санын көбейткен. Осының арқасында бюджет шығындары азайыпты. Өткен жылы 5 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылды. Биылғы жылы тағы 5 екі қабатты тұрғын үйді осы жылу жүйесіне қосу көзделген. Қалаға жаяу жүргіншілер жолы төселді. Облыстық бюджет қаражаты есебінен екі көше мен вокзал алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір автокөлік жолдары тегістелуде. Биылғы жылы қалаішілік жолдарды жөндеуге 50 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша Державинск қаласын дамытудың кешендік жоспарын жасауды қаржыландыру қарастырылған. Қаланың жарықтандыру жүйесі жөнделмекші. Ауданда жолаушыларды тасымалдау мәселесі туындаған болатын. Осы орайда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бо-йынша аудан орталығынан Гастелло, Құмсуат, Тасты-Талды, Зерноград селолары мен Көкшетау қаласына автобустар қатынайтын болды.
Аудан тұрғындарының 92 пайызы орталықтандырған ауыз сумен қамтамасыз етіліпті. Биыл Отрадный мен Кенский селоларында су құбырларының жүйесі қалпына келтіріледі. Аудан әкімі өз сөзінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қол жеткізілген жетістіктерді атап өтті. Мәселен, Уәлиханов селосында дәрігерлік амбулатория салынса, аудан орталығында аурухананың құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, бірқатар селолардың  білім және мәдениет ошақтары жөнделмекші.
Баспасөз мәслихаты соңында аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев журналистердің са-уалдарына тұшымды жауап берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар