Балғындар қуанышы

 Аудан орталығы Ақмол ауылында 150 орындық «Алтын балық» жекеменшік бала бақшасы ашылды.

  Осы аттас жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ескі ғимаратты қалпына келтіру арқылы балаларды жайлы бала бақшамен қамтамасыз етті. Бұл Елбасының Астана іргесіндегі ауылдарды дамыту тапсырмасын нақты іске асырудың бір көрінісі.
 Әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова қатысып,  бала бақшаның келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор екенін жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар