Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ораза да келіп қалды - АРҚА АЖАРЫ

Ораза да келіп қалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы, Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырмин  қасиетті Рамазан айы қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, ислам күнтізбесіндегі айшықты оқиға жайлы ой бөлісті.

Ол алдымен  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына арнаған үндеуін оқып берді. Онда қасиетті айды өткізуді танымдық тұрғыда насихаттаудың  жайы айтылады. Әсіресе, қайырымдылық шараларға көбірек көңіл бөлу керектігі  тілге тиек етіледі.
Облыс имамы биылғы Рамазан айының  жылдың ең ұзақ уақытына сәйкес келіп отырғанын да атап көрсетті.  Бұл ораза ұстаушыларға шыдамдылық танытып, сабырға жүгінуіне тура келетінін де аңғартады. Себебі, ауызды берік ұстаудың уақыты он тоғыз сағаттан асады екен. Сонымен бірге, оразаның басты ғибадатының бірі – мешіттерде оқылатын тарауық намаздары. Биыл елімізде Құран жарысынан жүлделі орын алған Хаджи деген бауырымыз  орталық мешітте Құран хатым етпекші.
Ал, жан басына берілетін пітір садақасы – 200 теңге болып белгіленді. Әр мұсылман Рамазан айы ішінде жергілікті мешіттерге  пітір садақаларын бере алады. Қанат Қыдырмин одан әрі журналистердің сауалдарына жауап берді. Бір қуаныштысы, Алланың үйі алдағы тамыз айына дейін пайдалануға берілетін көрінеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар