Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Адал жұмыс істейік» - АРҚА АЖАРЫ

«Адал жұмыс істейік»

облыс әкімінің әкімдік мәжілісіне қатысушыларға қойған басты талабы осы болды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында өңірдің биылғы жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, бюджеттің кіріс бөлігін орындау мәселесі қаралды.
Облыс әкімінің орынбасарлары, қала мен аудан әкімдері, басқармалар мен ведомстволар, барлық саладағы шаруашылық құрылымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысқан жиында Сандықтау ауданының әкімі Асылбек Исмағамбетов пен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Берік Мұстафин ант қабылдады. Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков биылғы жылдың 5 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жөнінде баяндама жасады. Баяндамашы алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамнан» туындайтын асқаралы міндеттердің облысымызда орындалуы жөнінде атап өтті.
– Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдары көктемгі егісті қысқа мерзім ішінде өткерді. Көбі ылғал жабу технологиясын қолданды. Облыс бойынша 4196,4 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар, 239,5 мың гектарға майлы дақылдар, 173 мың гектарға мал азығы дақылдары себілді. Астана айналасында құрылған азық-түлік белдеуі мал шаруашылығын дамытуға зор ықпалын тигізіп отыр. Бүгінгі таңда мал басының көбейгені байқалады. Осы орайда, өңдеуші салаға жан бітіруіміз керек. Мал шаруашылығы құрылымдары 35 мың тонна ет, 124,6 мың тонна сүт өндірді. Дегенмен, Ресейге шығаратын экспорт көлемі азайды.  Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 29,2 миллиард теңгені құрады. Бұл бағытта Бұланды мен Қорғалжын аудандарының қарқыны төмен. Тұрғындарды жұмыспен толық қамту үшін шағын және орта бизнесті дамыту маңызды, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Одан әрі баяндамашы инвестиция тарту, құрылыс жұмыстарының көлемі мен пайдалануға берілген тұрғын үйлер жөнінде айтты. Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары мен тұрғындар кірісіне назар аударды.
Өңір басшысы өз сөзінде жартыжылдық жос-парды орындау қажеттігін, ол орындалмаған жағдайда кадрлық өзгерістер болатынын қадап айтты. Сондай-ақ, облыс басшысының ҰБТ-ның өткізілуіне көңілі толмады. «Талап, тәртіп күшейгендіктен, емтиханға келген түлектер білгендерін ұмытып қалады» деп ата-аналардан көп арыз түскен.
    Облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдин 2015 жылдың қаңтар — мамыр айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, облыс өнеркәсібінде өндіріс көлемі 112,9 миллиард теңгені құраған. Есепті кезеңде көмір мүлдем өндірілмеген. Алтыны бар кен өндіру көлемі аза-йыпты. Минералды сусындар өндірісі 10 пайызға, алкогольсіз сусындар 30,3 пайызға өскен. Ал, алкоголь өнімдерді өндіру 18,5 пайызға төмендепті. «Степногорск подшипник зауыты», «ҚазШпал» акционерлік қоғамдары мен өзге де бірқатар кәсіпорындар өндіретін тауарлар көлемін азайтқан. Облыс әкімі Ерейментау ауданындағы «Он-Олжа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіретін көмірдің сатылмай тұрғанына назар аударды. Бұл көмірді тек қана Ерейментау мен Аршалы аудандарының мекемелері сатып алады. Осы орайда, облыс басшысы өзге аудандардың да Сарыадыр көмірін сатып алмайтындығына алаңдаушылық білдіріп, өңірде өндірілген өнімдерді тұтынуға басты назар аударуға шақырды. Сонда ғана салық кірісі көбейетінін  айтты.
Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов салықтық әкімшілік мәселесі жөнінде баяндама жаса-ды. Оның айтуынша, биылғы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің кірісіне 18,9 миллиард теңге түсіп, жоспар 102,5 пайызға орындалған. Дегенмен, әлеуметтік салық пен акциздер бойынша жоспар орындалмапты. Мәселен, Аршалы ауданының Жібек жолы ауылы, Целиноград ауданының Қосшы ауылы мен Бурабай ауданының орталығында орналасқан коттедждерді бағалау кезінде бағалары арзандатылып көрсетілген. Сондай-ақ, спирт те заңсыз сатылады. Тіпті, қалаішілік автобустар мен таксилер қанша жолаушы тасымалдайтындарын жасыратын көрінеді. Мұндай келеңсіздік мердігерлер жұмысында да орын алып отыр. Осы орайда, облыс басшысы мейрамхананың айына 200 мың теңге кіріс табатынына, олардың артында әлдебіреу тұрғанына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, ол тендер өткізгенде көптеген проблемалар туындайтынын жасырмады. Жерді дұрыс пайдаланбайтындар 230 миллион теңге салық төлейтінін жеткізді. Облыс әкімі барлық басшыларды, аудан, қала  әкімдерін адал жұмыс істеуге, сөйтіп, осы салада тәртіп орнатуға шақырды. Еңбекақы Жақсы ауданында өте төмен. Соның салдарынан жергілікті тұрғындар саны азаюда. Көп уақыттан бері жаңа кәсіпорын пайдалануға берілген жоқ. Пайдалануға берілген кәсіпорындар толық қуатында жұмыс істемейді. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін аудан әкімдері мен басқарма басшыларына тапсырмалар берілді. Өңір басшысы басты назарды қала мен елді мекендерді абаттандыру, егіс алқаптарын химиялық әдіспен өңдеу, шөп шабу науқаны мен жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына аударуды қадап тапсырды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар