Түсіністік танытылды

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сергей Кулагин партияның аймақтық қоғамдық қабылдау бөл-месінде азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады.

Күрделі мәселелерін шешу үшін облыс орталығы мен ауданда тұратын бірнеше тұрғындар қабылдауға келді. Көкшетау қаласының тұрғыны Валерия Болиева церебральды сал ауруымен ауыратын егіз балаларын шет елде емдету үшін қаржылай көмек көрсетуін сұрады. Ол облыс әкіміне бұдан бұрын көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді. Өтініште айтылған сауалды жан-жақты екшей түсіндірген С.Кулагин таяу арада материалдық көмек көрсетілетіндігіне сендірді.  
Жақсы ауданының тұрғыны Мұхамедия Садыбековты Лозовое ауылындағы «Түгел С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісімен шарттық міндеттемелерді бұзу мәселесі алаңдатады. Өңір басшысы бұл мәселені жан-жақты зерттеп, анықтау үшін көшпелі комиссия құруды тапсырды.
Ерейментау қаласының тұрғыны, зейнеткер Надежда Стекольщикова тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу мәселесін көтерді. Біраз уақыт бұрын облыс әкімі С.Кулагиннің тапсырмасымен облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы және облыс әкімі аппаратының қызметкерлері  үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу мүмкіндігін зерттеген болатын. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға 7,5 миллион теңге қаржы бөлінді.
Ақмола облыстық «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Галина Морозова әйелдер ахуалы жөніндегі Бейжің конференциясының 20 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар бағдарламасымен таныстырды.
Азаматтарды қабылдаудың қорытындыларын шығарған «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы
Сергей Кулагин әр азаматтың өтініші ескерусіз қалмайтындығына сендірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар